«Тіл – татулық тірегі» әдеби кейс

05.09.2025

2025 жылғы 5 қыркүйек күні КГКП «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» кітапханасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы М. Қ. Бейсенбинаның ұйымдастыруымен «Тіл – татулық тірегі» атты әдеби кейсі өткізілді. Іс-шара «Адал азамат» бағдарламасының «Шабыт» жобасын жүзеге асыру ретінде жүргізілді.

Мақсаты – тілдің қоғамдағы татулық пен бірліктің тірегі ретіндегі рөлін айқындау, оқырмандық мәдениет пен шығармашылық, сөйлеу дағдыларын дамыту. Кейс барысында додекаэдр (тіл мен келісім туралы дәйексөздерді таңдап, түсіндіру), QR-кодты оқулықтар (бейне/глоссарий/мини-тесттерге өту), карточкалар (мақал-мәтел, синоним-антоним, сөйлеу жағдаяттары) және пазл («Тіл – татулық тірегі» дәйексөзін құрастырып, қысқаша қорғау) қолданылды.

Іс-шара танымдық әрі қызықты атмосферада өтіп, білім алушылардың белсенділігі мен шығармашылығын арттырды; адалдық, сыйластық және әділдік қағидалары сақталып, «Адал азамат» құндылықтары нығайтылды.



Текст
Виртуальная приемная